Қара ормандар!

Бұл бетте «Қара ормандар!» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.08.2018
  • 0
  • 0
  • 1967
Қара ормандар, қағар тынбай кірпігін,
Мақамына мүлгігендей жыршының.
Қайда барсаң қарсы алатын нан-тұзбен,
Жаны қандай жайсаң еді жұртының.
Қалт жібермей, қимылыңды дір еткен,
Камаң қандай, қара орманнан сыр өпкен.
Асау толқын, ақын қиял жағада,
Сөзбен емес, ұғысамыз жүрекпен!
Ауыр күндер өтсе-дағы басыңнан.
Сен емессің тағдырыңа бас ұрған.
Ақ маржаны шашу болып шашылған,
Сильваң анау, еркелігін асырған!..
Қара ормандар, жапырағы жайқалған,
Самал ессе ырғатылған, шайқалған.
Салиқалы қариядан аумайсың,
Жүрегі жас, жанарына ой толған...
Жазы-қысы жібек шапан оранған,
Ықпайсыңдар, түтеген ақ бораннан.
Әсем сазды сан қайталап айтармын,
Ақиық ән дермін, ұшқан Уралдан.
Қара ормандар, қалың қолдай қаптаған,
Заман көші жаныштаған, таптаған...
Батыр демей, бүгін сені кім дейін —
Бар қасиетін қаз қалпында сақтаған!
Қара ормандар, күн нұрына жуынған,
Көруге бір құштар едім бұрыннан.
Ару — Урал арқасында өрілген
Аумайсың-ау, қолаң қара бұрымнан!
Бақытты ғой, перзенттерің туылған!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қара ормандар! өлеңінің авторы кім?

Марфуға Айтқожина — осы өлеңнің авторы.

Қара ормандар! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қара ормандар! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Марфуға Айтқожина өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қара ормандар! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері