Қысқы жолда – Мағжан Жұмабаев

Бұл бетте «Қысқы жолда» атты Мағжан Жұмабаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Қараңғы түн, сар дала,
Көрінбейді айнала.
Боран соғып тұр борап,
Жолды басқан құр сорап.
Астымдағы жануар
Құлағын қайшыландырып,
Зорға борт-борт желеді.
Ызғарлы жел долданып,
Екі иінінен дем алып,
Ішін тартып осқырып,
Кейде қатты ысқырып,
Аңдай ұлып бір мезгіл,
Екі санын шапақтап,
Біресе сақ-сақ күледі.
Кейде кенет баяулап,
Жер бауырлап жаяулап,
Аузы-басы жыбырлап,
Асып-сасып сыбырлап,
Жерді жапқан кебінді
Сүйіп ақырын құшақтап,
«Әпсүн»1 оқып үреді.
(1 Иманын үйіру.)
Барады үдеп бұл боран,
Жанымда жоқ тірі жан.
Тоңазыды денем де,
Адаспай, дұрыс келем бе?
Қорқып, жүрек ойнайды,
Көз алдыма елестеп
Әлденелер келеді.
Боранын Тәңір ашпады,
Жол білінбей бастады.
Көрінген бір жарық жоқ,
Босаңсиды Қаракөк...
Сар далада адасып,
Суық кебін жамылып
Қалармын, кім біледі.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қысқы жолда өлеңінің авторы кім?

Мағжан Жұмабаев — осы өлеңнің авторы.

Қысқы жолда өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қысқы жолда өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мағжан Жұмабаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қысқы жолда өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері