Қарлығаштар – Серікбай Оспанов

Бұл бетте «Қарлығаштар» атты Серікбай Оспанов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Кезек-кезек шөп əкеліп,
Ұлпа жүнді көп əкеліп,
Таңдап алып қия жарды,
Қарлығаштар ұя салды.
Ешкімменен таласпады,
Күнде естілер жарасты əні.
Мен де соны жаратамын,
Жақсы көрем балапанын.
Қарлығаштар тамақ теріп,
Барлық жерді шарлап көріп,
Үйге қарай зуылдайды,
Балапандар шуылдайды.
Ауыздары ашылады,
Тамақ жеуге асығады.

Көрдіңіз бе кереметті,
Бөліп жейді көбелекті.
Балапанын бағып жүрдім,
Құрт-құмырсқа салып жүрдім.
Тез ер жетті тамақтанып,
Ұшып кетті қанаттанып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қарлығаштар өлеңінің авторы кім?

Серікбай Оспанов — осы өлеңнің авторы.

Қарлығаштар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қарлығаштар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серікбай Оспанов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қарлығаштар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері