Таңның алтын шапағы – Күләш Ахметова

Бұл бетте «Таңның алтын шапағы» атты Күләш Ахметова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Бүрмеленіп ірге жақ,
Орын қалып түнге аз-ақ,
Ығыстырып келеді
Үр жаңа күн бір ғажап.

Үлбірейді гүл нәзік
Таңның шығы – гүлге азық.
Құстан бұрын оянам
Жүрегіммен жыр жазып.

Нұрмен тарап шашымды,
Таң пердесі ашылды.
Аяғымның астына
Алтын, гауһар шашылды.

Табиғат та баянды,
Таң шапағына боянды.
Күліп ашып көздерін
Немерелер оянды.

Кеңейеді шығысым,
Көбейеді ырысым.
Дүниенің естимін
Дүбірлеген дыбысын!
Таңғы нәсіп бұйырды.
Тостағаным бүйірлі.
Қаратаудың бойында
Жылқым жатыр үйірлі.

Құт толтырды үйімді.
Таудай байлық жиылды.
Күллі әлемнің шаттығы
Шаңырағыма құйылды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Таңның алтын шапағы өлеңінің авторы кім?

Күләш Ахметова — осы өлеңнің авторы.

Таңның алтын шапағы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Таңның алтын шапағы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Күләш Ахметова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Таңның алтын шапағы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері