Өлең, жыр, ақындар

Қобыз үні

  • admin
  • 28.03.2024
  • 0
  • 0
  • 260
Халқы сүйген бір батыр ұл даңқты,
Бөтен елде қоныс теуіп қалыпты.

Ал сол елде бағы оның жаныпты,
Бау – бақшалы сарай салып алыпты.

Құса болып, туған ұлын сағынып,
Өз анасы күтіпті оны қамығып.

Сорлы ана күңіреніп, түнерді,
Талай мәрте хат та жазып жіберді.

Бірақ ұлы сол кеткеннен қайтпады,
Өз тірлігі туралы сөз айтпады.

Үмітінен көрмеген еш түңіліп,
Дана қартқа отыр ана жүгініп:

- Халім мынау, жылдан ұзақ атар таң,
Бір арысым оралмады сапардан.

Сол ұлымды қайтаратын бар ма амал,
Онсыз әлем, әлем емес тар маған.

Жау қолынан жоқ еді өлсе арманым,
Ештеңе емес менің жалғыз қалғаным.

Күтіп оны шағым күнде белеске,
Елсіз, жерсіз ол да жетім емес пе?

Ойға салар елін, жұртын, анасын,
Сағынтатын сағым ойнар даласын.

- Ей, дана қарт, мүсіркесең сен егер,
Сол ұлыма дәрі жасап бере гөр...

Деді дағы: «Күңіренбе, қой, ғаріп»,
Дана қартың көзін жұмды ойланып.

Ей, анасы, - деді ол сосын, -
Тоқтағын,

Ондай ұлға беретұғын жоқ дәрім.
Өз еліне қайтар, бәлкім, ұлыңыз,

Бір нәрсе айтам: мұны дұрыс ұғыңыз.
Дәрі берсең, дер опасыз «у» салды,

Жеткіз оған желкілдеген жусанды.
Иіскеумен құмарын бір қандырар,

Жусан оның көзіне жас алдырар...
Дана қарттың істеді ана айтқанын,

Айлар өтті, жылдар өтті, қайтпады ұл.
Бұл күндері әбден меңдеп кәрілік,

Қайта келді ол дана қартқа қамығып.
- Түрім мынау, бара алам ба шет елге,

Опасыздың анасы боп өтем бе?!
Ойға салар елін, жұртын, анасын,

Сағынтатын сағым ойнар даласын,
Бойыңда ғой ел сүйсінер бар өнер,

Дана қартым, бірдеңе ойлап таба гөр...
Отырды да ақ сақалын салалап,

Қолын созды қобызына дана қарт.
Деді ол: - Ана, аттап ата салтыңды,

Қылығыңмен таң қалдырып халқыңды,
Табу үшін жоғалған сол асылды,

Кесіп бергін анау селдір шашыңды.
Жан бітіріп мұрасына бабаның,

Ақ шашыңды ішек қылып тағамын.
Белі бүкір шежіре ғой бұл кәрі,

Шанағында халқымыздың мұң – зары.
Түссін десең ұлың жолға оң, ізгі,
Беріп жібер кешіктірмей қобызды.

* * *
Қобызды алып баласы ұзақ ойнады,
Бар ойының шықты бүгін ойраны.

Санасында ескі елестер тіріліп,
Балалығы өтті алдынан жүгіріп.

Міне, міне, көзінен жас парлады,
Қара қобыз анасы боп зарлады.

Ана болып уһіледі, аһ ұрды,
Күңіреніп оны өзіне шақырды.

О, құдірет! Қобызды бір сүйді де,
Шапшаңдатып ақ сауытын киді де:

«Мен адасқан екенмін», деп батыр ұл,
Туған жерге бұрды басын атының.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Аударыспақ

  • 0
  • 0

Жарау аттар осқырып,
Тұр тартқызбай шылбырын.
Сом білекті қос жігіт,
Аудармақшы бір-бірін.

Толық

Төртінші суайт

  • 0
  • 0

Қорлық көрдім жолда мың,
Ұмыт қалып қолғабым.
Ми қайнатар ыстықтан
Үсіп кетті қолдарым.

Толық

Алпыс бесте «Балдырған»

  • 0
  • 0

Әр санына бал сіңген,
Асуды асқан «Балдырған».
Талай тақпақ, ән-күйден
Шашу шашқан «Балдырған».

Толық

Қарап көріңіз