Бұлт жамылған Ай – Нұрбек Нұржанұлы

Бұл бетте «Бұлт жамылған Ай» атты Нұрбек Нұржанұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Қараушы едім жанарыңа баласынып,
Өтті бәрі түс келді ғой таң асырып.
Жапырағын сұрап жатыр тіленші күз,
Жүрегімді іздеп жүрмін аласұрып.
Кетіп қалдың біздің бақтан басқа баққа,
Көзіме шық, әжім түсті қас-қабаққа.
Сен кеткен соң, менде кеттім сезімдерді
Жүрегімнен жұлып алып тастамаққа.
Сезімімді мұңдарыма асыраттым,
Жұлдыздарын жоғалтпайды шашып-ап түн.
Сезім толы жүрегіммен Айға кетіп,
Сәулелерін бар әлемге шашыраттым.
Жерге келдім жұмыр басын тастап Айдың,
Аппақ-аппақ мұңдарымды ластамаймын.
Сен сыйлаған сезім толы бұл байлықты
Қара көрге ала кетем, тастамаймын.
Түн...
Мұң...
Жұлдыз...
Отырмын ғой тынығып мен,
Қап-қараңғы бұл халімді ұғынып пе ең?
Жанарыңның сәулесін бір түсірдің де,
Кете бардың бұлт ішіне тығылып сен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бұлт жамылған Ай өлеңінің авторы кім?

Нұрбек Нұржанұлы — осы өлеңнің авторы.

Бұлт жамылған Ай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бұлт жамылған Ай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Нұрбек Нұржанұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бұлт жамылған Ай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері