Шөлің қанбас толғандай ма шай шерге – Нұрбек Нұржанұлы

Бұл бетте «Шөлің қанбас толғандай ма шай шерге» атты Нұрбек Нұржанұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Шөлің қанбас толғандай ма шай шерге,
Құшақтай алмай созады қолын Ай жерге.
Мен өзіңді, мен өзімді жоғалттым,
Қай ғасырда? Қай заманда? Қай жерде?
Суық бақта қолыңдағы шырақ қап,
Жылы баққа кеттің бе екен жырақтап?
Қай аспанда самғап жүрсің қалықтап,
Қай мезгілде қалып кеттің тұрақтап?
Көрінбедің еменімнен, талымнан,
Қай сағатта ізің өшті жолымнан?
Қай минутта алдым сені жоғалтып,
Қай секундта ұшып кеттің қолымнан?
Жылап тұрып шаштарыңды тарайсың,
Жаным ескі сезім толы сарай шын.
Қай жүректің сағатында секундсың?
Қай жанардың әйнегінен қарайсың?
Қай сөйлемге қалдың екен матасып,
Қай шимайға түсінбедің шатасып?
Қай қиылыс сені менен жасырды,
Қай көшеде кеттім екен адасып?
Келші маған уақытқа бұл бас ұр да,
Араласпай қызылға да, жасылға.
Сені менен жасырып жүр жылдар да,
Сені менен қызғанып жүр ғасыр да.
Ақ бұлттарға қиял гүлін күнде егем,
Екеуміздің арамызда түн бе екен.
Біздің ғасыр өтіп кеткен, амал не?
Мына ғасыр екеумізге тым бөтен…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шөлің қанбас толғандай ма шай шерге өлеңінің авторы кім?

Нұрбек Нұржанұлы — осы өлеңнің авторы.

Шөлің қанбас толғандай ма шай шерге өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шөлің қанбас толғандай ма шай шерге өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Нұрбек Нұржанұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шөлің қанбас толғандай ма шай шерге өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері