Аққу өлді көлінде жүрегімнің – Нұрбек Нұржанұлы

Бұл бетте «Аққу өлді көлінде жүрегімнің» атты Нұрбек Нұржанұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Аққу өлді көлінде жүрегімнің,
Суығына аймақтың шыдай алмай.
Сен отырсың сезімнің түре күнін,
Терезеңнің алдында жылай алмай.
Ұмыт мені, мәңгілік қош, сұлуым,
Бақытты бол дейміз-ау, бақытсызбыз.
Бөрі жүрек бүрісіп кеш ұлуын
Естимісің, Ай қызы, бақытсыз қыз?!
Кездесейік дедік те кездеспедік,
Жара жаным әлі де жазылмады.
Мені мәңгі өлтірдің жүрегіңде,
Тіпті табыт кеудеңнен табылмады.
Арманыма сенсіз-ақ жетемін де,
Сол көшеден тағы да өтемін де,
Жылап тұрып жаныңмен қарағаның
Білмеппін ғой соңғы рет екенінде.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Аққу өлді көлінде жүрегімнің өлеңінің авторы кім?

Нұрбек Нұржанұлы — осы өлеңнің авторы.

Аққу өлді көлінде жүрегімнің өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Аққу өлді көлінде жүрегімнің өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Нұрбек Нұржанұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Аққу өлді көлінде жүрегімнің өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері