Өлең, жыр, ақындар

Біз – естелік жинаушылармыз

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Біз – естелік жинаушылармыз;
Жүзін суалған бір кеиуана – жердің ең шетінде,
Ең соңғы «Ғұмыр» көшесінің
Ең соңғы қиылысында,
Ең соңғы пәтерінің қуықтай бөлмесінде,
Аспашамның әлсіз жарығымен
Ауыр, шаң басқан, тотыққан
Қаперінде, жүрегінде сақталып қалған
Том-том естеліктерін жазу үстеліне қойып,
Шаңын әжімді саусақтарымен сүртіп,
Көңіліндей нәзік парақтарды
жыртып алмайын дегендей абайлап ашады әр күн.
... үсіді, тоңды, сүрінді, тұрды содан бері,
Жұлдыздардан қылау гүлдей-арман теріп,
Тағдырының бір көшесінде, бір ауласында
қап кеткен Бөтенді –
неліктен әлі күнгесағынып келеді?
Сол сарғыш суреттегі Жат,
Пәнилік жап жас қалпымен сүгіреттен жұп-жұмсақ, сүйрік;
Жастықтың шақтарындай –
Көктемнің жасыл саусақтарын созып,
Қолыңның қағаздай терін,
әжім жүзіңді, қырау шашыңды,
Сол наурыз кешіндегідей сипаладыма тосын!..
Сол Бөтен жас қалпында өміріңнің бір көшесінде қалып қойғаны
немесе бұрылып кеткені белгісіз... сосын
ойлаудың өзі азап...

Өмір –
естелік жинау ма –
Ең соңғы «Ғұмыр» көшесінде, ең соңғы пәтеріңде,
терезе алдында ұза-а-а-қ парақтап отыратын?..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Біз – естелік жинаушылармыз өлеңінің авторы кім?

Нұрбек Нұржанұлы — осы өлеңнің авторы.

Біз – естелік жинаушылармыз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Біз – естелік жинаушылармыз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Нұрбек Нұржанұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Біз – естелік жинаушылармыз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері