Тығылып тамшылар бұл төске – Нұрбек Нұржанұлы

Бұл бетте «Тығылып тамшылар бұл төске» атты Нұрбек Нұржанұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Тығылып тамшылар бұл төске,
Жиылып төгілер пәк моншақ.
Жас терек, бәйтерек, жүз отын,
Болашақ, бала шақ, шақтан шақ.
Қаншама тауларды басынған
Бұлттар жүр тәкаппар мақтаншақ.
Бірі бұлт, бірі тау, бірі жел,
Бірі жер, бірі Ай, бірі Күн.
Жер мен көк суығын, жылуын,
Жамылған жалғыздың бірімін.
Тәнсіз ой, тәнсіз мұң өлмеген,
Тәні бар мен әлі тірімін...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері