Майдан түні – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Майдан түні» атты Сырбай Мәуленов жазған соғыс туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 5581
Аспаны күн батыстың қызыл шатыр,
Аңғарып от ұялап алып жатыр.
Жан-жақтан ракета жарқылдайды,
Дегендей окобыңда қалма қапыл.
Күрілдеп көкірегі оққа тұнып,
Аспанда алаулаған ай тұтылып,
Өрт шашып, ұшқын атып өтіп жатыр
Үстіңнен доп зуылдап, ажал ұлып.
Сол түнде оқтан ұшқыр, оттан ыссы,
Жүректе бір керемет жатты күшті.
Туған ел тілегінен сауыт кидім,
Айқаста жаудың күлі аспанға ұшты.
1942. Волхов майданы


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Майдан түні өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Майдан түні өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Майдан түні өлеңі не туралы?

Бұл шығарма соғыс туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Майдан түні өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері