Гүлім.
Көз ілмедім , ұйқы кетті жөнімен
Ұйқысыздық , саған қалай көнігем
Көзім ашық , түн ортасы шамасы
Орын алдың қиялымнын төрінен
Ойға баттым , терең - терең күрсініп ,
Секілді бір , бағымдағы гүл сынып .
Бағыт бағдар көріп едім сол гүлден
Тоқтап қалды бағымдағы тіршілік
Ұықта жүрек , ұықта сезім ,ұйықта көз
Сындырады , тоңдырады , тоқта!, Төз!
Миым сұрар не болды саған , хәліңе
Бұл сезімді сипаттауға жоқ та сөз
Сынады ма , тағдыр салып тәлкегін
Жау болдым ба , жау болды ма әлде кім
Жауыздығым өтіп кетсе сендерге
Үнсіз тұрам, дым сыз тұрам , ал кегін
Таптадым ба , аттадым ба , ала жібіңді
Кеп жұлдым ба , сендік кеуде гүліңді
Жаман болсам , надан болсам сен үшін
Үнсіз тұрам дым сыз тұрам , ал кегіңді
Ұл болдым ба , қадам басқан қайыса
Сынбадым ғой , шыдадым ғой бүкіл денем майыса
Жек көруге, жексұрын ақ болайын
Мен жай ғана сайыскермін , өмір деген сайыста
Бола алмадым , дос та , сендер қалаған
Төмен кеттім , ойларыңша , санадан
Қанды да ал , жанды да ал , тырмалап
Әрең күткен , әрең біткен жарадан
Кім болдым мен , өмірге лайық болмаған
Нақұрыспын , жексұрынмын , оңбаған
Алде жаспын , алде тас па жүрегім
Алде пенде , жай ғана жолы болмаған
Алыңдар , ап кетіңдер , қалдырмаңдар түгімді
Кім көтерер , кым арқалар жүгімді
Ап кетіңдер , мейлі бәрін берейін
Тастаңдаршы қайтарыңдар жалғыз ғана гүлімді
Оралар ма ұйқым сонда маужырап
Кеудем тесік , гүлім менің сау бірақ
Армандадым , жеті аспан қабатын
Қой түсейін ,
Арманымнан ,төмен қарай салбырап
Таң атыпты қатты ұйқы соңынан
Көңіл түсті , қолымдағы, жоғынан
Бір күлімдеп , түс те болса қуантқан
Түнді күтем , сол бақшада жолығам
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі