Өлең, жыр, ақындар

Ақиқат

Күнелтіп халық, күн көріп жатыр өздері
Үндемей билік, көрсе де бәрін көздері
Көрсетер шоуын, өтірік бұйрық беретін
Іс жүзінде ұқсамас айтқан сөздері…
Қарайып халық, жер жұтып жатыр талайын
Осыдан кейін билікке қалай қарайын?!
Туған жерімнің топырағы да ыстық көрінер
Ауырып жүрек,
Жан-айқайымды қалай салайын?
Қор болып, құрып барамыз елім осылай,
Бірлік жоқ бізде басымыз жатыр қосылмай.
Өшетін елдің ерлері бірін қатын дер,
Өсетін елдің ерлері бірін көреді жақын досындай…
Шірісе балық басынан бастар алдымен,
Жойылды халық байырғы дәстүр-салтымен.
Қызыңды қалай қор қылып жатсың қазағым?!
Әйелдің жоқ құқығы маған батты ең…
Шыбындай шыр-пыр, шырылдап жаным жатады,
Халқымның мұңы ең басты маған батады!
Ерім деп елім сенімін артқан еріне,
Елім деп ерім қалайша елін сатады…



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар