Нарша Булгакбаев: дүние, түсінік туралы айтқаны

Дүние — қайғы не қуаныш әкелмейді. Қайғы мен қуаныштың негізі — дүниені қалай түсінетінімізде. Сондықтан басымыздағы қайғыға Құдай да, өмір де, әлем де, табиғат та, тағдыр да, өзгелер де, тіпті шайтан да кінәлі емес. Нағыз кінәлі — өзіміз ғана. Ал қалғандары — тек себепкерлер. Кінәліні сырттан іздеу — адамның рухани әлсіздігінің көрінісі. Қайғы мен қуаныш, сынақ пен бақ — бәрі де біздің көзқарасымыздан, ішкі түйсігімізден, жүрек жылулығынан туындайды.

Күн де, жаңбыр да, түн де, таң да — өздігінен ештеңе білдірмейді. Біреу үшін күз — сағыныш, екіншісі үшін — тыныштық, ал үшіншісі үшін — түңілу. Сол сияқты, сәтсіздік — біреу үшін күйреу, ал екінші үшін — жаңғыру нүктесі. Жоғалту — біреу үшін азап, ал біреуге — шынайы бақытқа жол ашады.
Қиындық — біреудің үмітін сөндіреді, ал біреудің рухын оятады. Сол себепті өмірдің мәні — басыңнан не өткергеніңде емес, сол өткергендерге қандай мағына жүктегеніңде.

Әлем — айна. Ол саған өз шындығын емес, сенің ішкі шындығыңды көрсетеді. Жүрегің тыныш болса — әлем де саған тыныш көрінеді. Жүрегіңде алай-дүлей сезінсең. әлем жойқын дауылға айналады. Өмірдегі жағдайларға, оқиғаларға мағына беріп, оларды жүрекке жақын немесе жат ету — тек өзіміздің таңдауымыз.

Жүрегің тазарса — әлемің жарқырайды. Жаның тазарса — өмірің нұрға бөленеді. Өзіңмен тату болсаң — ешкімге жау болмайсың.

Барлығы (жақсылық та, жамандық та) өзімізден басталады. Барлығы (нәтиже мен қорытынды) өзімізбен аяқталады.

Ілмектер: дүние, түсінік, жүрек, қайғы, қуаныш, құдай, кінә, өмір, әлем, табиғат, өзге, шайтан Нарша Булгакбаев
WhatsApp Telegram

Қатысты бөлімдер:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз



Ұқсас ұлағатты сөздер

Жиі қойылатын сұрақтар

Бұл бетте қандай ұлағатты сөз берілген?

Нарша Булгакбаев айтқан ұлағатты сөзі, мағыналы ойы мен нақыл сөзі бар.

Бұл беттен тағы не көруге болады?

Осы беттен ұқсас ұлағатты сөздерді, авторды және ілмектерді көруге болады.

Басқа пайдалы бөлімдер: