Дүниеде жалғыз қалған адам — адамның өлгені. Қапашылықтың бәрі соның басында. Ілмектер: дүние, жалғыздық, адам Абай Құнанбайұлы Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Дүниеде жалғыз қалған адам — адамның өлгені. Қапашылықтың бәрі соның басында.
Мен көрдiм дүние деген иттiң көтiн, Жеп жүр ғой бiреуiнiң бiреуi етiн. Ойлы адамға қызық жоқ бұл жалғанда Көбiнiң сырты - бүтiн, iшi - түтiн. — Абай Құнанбайұлы дүние, ой
Сарқылмайтын суат жоқ, Тартылмайтын бұлақ жоқ. Құйрығы суда тұрса да, Уақтысы жеткенде, Қурамайтын құрақ жоқ. Дүние деген пәни бұл, Баласы жоқта мият жоқ, Бәрінен қиын сол екен, Артыңда жанған шырақ жоқ... — Әйтеке би дүние, бұлақ
Дүниеқоңыздық пен тойымсыздық есіңді алып, еркіңнен айырады. — Білге қаған Дүниеқоңыздық, тойымсыздық
Ана тілі халық болып жасалғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі. — Жүсіпбек Аймауытов ана тілі, тіл
Ғақлия көзбен қарасаң, Дүние – ғажап, сен – есік. Жаһлы көзбен қарасаң, Дүние – қоқыс, сен – меншік. — Әл – Фараби дүние, көз
Қулық, сұмдық, ұрлықпен мал жиналмас, Сұм нәпсiң үйiр болса,тез тыйылмас. Зиян шекпей қалмайсың ондай iстен, Мал кетер, мазаң кетер, ар бұйырмас. — Абай Құнанбайұлы ар, мал
Ішкі жан-дүниеңіз дұрыс болмаса, жарқыраған жүзіңіз ештеңе де шешпейді. — Ник Вуйчич жан, дүние
Дүниеде адам баласының ұлы қасиеті екеу-ақ: ой ұлылығы, сұлулық ұлылығы. Көркем айтылған ой ұлы, ойландыра алған сұлулық ұлы. — Ғабит Мүсірепов дүние, ұлы
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі