Жамандар өзін-өзі зорға балар – Шал Құлекеұлы

Бұл бетте «Жамандар өзін-өзі зорға балар» атты Шал Құлекеұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Жамандар өзін-өзі зорға балар,
Бір өзінен басқаны төмен санар.
Жақсылар ағын судай, асқар таудай,
Жаймалап қайда жақсы орын алар.
Жігіттер, сақтаныңыз жаман достан,
Досыңның жаманынан артық дұшпан.
Өштескен жаудан адам сақтанады,
Тиеді «достық» оғы қапылыстан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жамандар өзін-өзі зорға балар өлеңінің авторы кім?

Шал Құлекеұлы — осы өлеңнің авторы.

Жамандар өзін-өзі зорға балар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жамандар өзін-өзі зорға балар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шал Құлекеұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жамандар өзін-өзі зорға балар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері