Өлең, жыр, ақындар

Жаманға дəулет бітсе, ауа айналар

  • admin
  • 09.08.2024
  • 0
  • 0
  • 474
Жаманға дəулет бітсе, ауа айналар,
Жақсыға дəулет бітсе бақ айналар.
Басыңа жазатайым бір іс түссе,
Арасы дос пен дұшпан абайланар.
Жақсыны алыс, жаманды жақын деме,
Жақсы атансаң біреудің қақын жеме.
Жақсымын деп біреудің қақын жесе,
Жаман адам сол болар, мақұл деме.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қона берсе, жерің азар

  • 0
  • 0

Қона берсе, жерің азар,
Шаба берсе, елің азар.
Жасай берсе ерің азар.
Ерің азған кезінде елің азар.

Толық

Жігіт туралы

  • 0
  • 0

Жігіт туралы
Бір жігіт бар – құр жан,
Бір жігіт бар – тірі жан,
Шал Құлекеұлы

Толық

Жігіттер, жау алмайды ақылдассаң

  • 0
  • 0

Жігіттер, жау алмайды ақылдассаң,
Білгішке көп білетін жақындассаң.
Қарап жүрген кісіге адам тимес,
Шал Құлекеұлы

Толық

Қарап көріңіз