Баспайға – Шал Құлекеұлы

Бұл бетте «Баспайға» атты Шал Құлекеұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Басеке, мал жануар басқа бітер,
Қына шөп секілді ол тасқа бітер.
Үйінен ит жаланып шықпайтұғын,
Өзіндей жатып ішер насқа бітер.
Өнершек жігітлікте жүрме, бекер,
Бір кеңес жұрт тыңдарлық айтсаң нетер,
Үлгілі жақсы сөзден тағлым берсең,
Халыққа төрт-бес дуан атың кетер.
Ат-аспанда, нұр-пейіште деген сөз бар,
Құдайым жақсы десе ұжмақ нетер,
Қанағат, амандықтың қадірін біл,
Жастық өтіп, кəрілік бір күй жетер.
Жастықтың қызығы бар күнінде жас,
Өнер беріп, əр жерге айласаң паш,
Алдына бір жаманның іс боп барсаң,
Парқы жоқ көңілінде аяқ пен бас.
Білімсіз уылжыған жас не керек,
Болмаса ат аталған қайыру нас,
Шоңқайма етік, түлкі тымақ киген жастар,
Не керек жаман болса есірік – мас.
Ағаның атын күтіп қызмет етпей,
Насыбай атса ерніне былыққан нас,
Өзі жаман жақсыны көре алмайды,
Сыртынан ғайбат айтып, атады тас.
Мұндай жанның əдеті осы деп біл,
Өзіне дос таба алмай жинайды қас,
Немере бірге туған жамағайын
Бұл жанды жақыным деп айтып болмас.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Баспайға өлеңінің авторы кім?

Шал Құлекеұлы — осы өлеңнің авторы.

Баспайға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Баспайға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шал Құлекеұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Баспайға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері