Өлең, жыр, ақындар

Баспайға

  • admin
  • 09.08.2024
  • 0
  • 0
  • 480
Басеке, мал жануар басқа бітер,
Қына шөп секілді ол тасқа бітер.
Үйінен ит жаланып шықпайтұғын,
Өзіндей жатып ішер насқа бітер.
Өнершек жігітлікте жүрме, бекер,
Бір кеңес жұрт тыңдарлық айтсаң нетер,
Үлгілі жақсы сөзден тағлым берсең,
Халыққа төрт-бес дуан атың кетер.
Ат-аспанда, нұр-пейіште деген сөз бар,
Құдайым жақсы десе ұжмақ нетер,
Қанағат, амандықтың қадірін біл,
Жастық өтіп, кəрілік бір күй жетер.
Жастықтың қызығы бар күнінде жас,
Өнер беріп, əр жерге айласаң паш,
Алдына бір жаманның іс боп барсаң,
Парқы жоқ көңілінде аяқ пен бас.
Білімсіз уылжыған жас не керек,
Болмаса ат аталған қайыру нас,
Шоңқайма етік, түлкі тымақ киген жастар,
Не керек жаман болса есірік – мас.
Ағаның атын күтіп қызмет етпей,
Насыбай атса ерніне былыққан нас,
Өзі жаман жақсыны көре алмайды,
Сыртынан ғайбат айтып, атады тас.
Мұндай жанның əдеті осы деп біл,
Өзіне дос таба алмай жинайды қас,
Немере бірге туған жамағайын
Бұл жанды жақыным деп айтып болмас.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қатын шайпау болғаны – болмағаны

  • 0
  • 0

Қатын шайпау болғаны – болмағаны,
Келін шайпау болғаны – оңбағаны.
Оған да ақ ұн менен сары май керек,
Шал Құлекеұлы

Толық

Ашу – дұшпан болғанда, нəпсі – жауың

  • 0
  • 0

Ашу – дұшпан болғанда, нəпсі – жауың,
Ақыл – тұрған алдыңда асқар тауың.
Жүрекке ашу келіп толған шақта,

Толық

Жақсы, жаман адам туралы

  • 0
  • 7

Жақсыны алыс, жаманды жақын көрме,
Жақсы атансаң, басқаның хақын жеме.
Жақсымын деп момынның малын жеме,
Жаман адам сол болар, мақұл деме.

Толық