Бір жаста, екі жаста бесіктемін – Шал Құлекеұлы

Бұл бетте «Бір жаста, екі жаста бесіктемін» атты Шал Құлекеұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Бір жаста, екі жаста бесіктемін,
Бес жаста тəңірі берген несіптемін,
Алты жаста қайыңның тозындаймын,
Жеті жаста ойпаң жер бозындаймын,
Он жасымда сүт емген қозыдаймын,
Он бесте жарға ойнаған лақтаймын,
Бой түзеп жиырмада сылақтаймын,
Отызда ағып жатқан бұлақтаймын.
Қырқымда қынаптағы қылыштаймын,
Елуде əр жұмысты жұмыстаймын.
Алпыс жаста тай жеген бөрідеймін,
Жетпіс жаста илеген терідеймін,
Жетпістен сексен жасқа келген шақта
Артымнан кейін кеттім кері деймін
Тоқсан жасқа келгенде көр болғаным,
Отқа салған мүнəйім бор болғаным.
Тоқтыға асылғанда əлім келмей,
Баланың баласына қор болғаным.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері