Мен келдім алпыс жастың бесеуіне – Шал Құлекеұлы

Бұл бетте «Мен келдім алпыс жастың бесеуіне» атты Шал Құлекеұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Мен келдім алпыс жастың бесеуіне,
Не жиып, не жетпейміз нешеуіне.
Құдайым иман бергей, бір қаза бар,
Дүниенің көз жете ме өлшеуіне?!
Ұсынса қол жетпейді сермегенге,
Алланың не қайла бар бермегенге?!
Ауызбенен айтқан сөз бола ма екен,
Қолмен ұстап, көзімен көрмегенге?!
Адамның ауызы ала, ойы төртеу,
Құр көңіл болғанменен болмайды екеу.
Құдайым иман бергей, бір өлім бар,
Қай күні дəм таусылса қаза жетер,
Алланың жазып қойған жазуы екеу.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мен келдім алпыс жастың бесеуіне өлеңінің авторы кім?

Шал Құлекеұлы — осы өлеңнің авторы.

Мен келдім алпыс жастың бесеуіне өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мен келдім алпыс жастың бесеуіне өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шал Құлекеұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мен келдім алпыс жастың бесеуіне өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері