Өлең, жыр, ақындар

Қазағым деп шырылдауға хақым бар

  • admin
  • 21.08.2024
  • 0
  • 5
  • 620
Қазағым деп шырылдауға хақым бар,
Әрқашанда ел мен бірге ақындар.
Әбіләкім Мадиярға құлақ сал,
Тыңдасаңыз сізге айтатын датым бар.

Қайран қазақ, қайда кетіп барасың?
Мен айтайын бүкіл елдің наласын.
Ұлт едік қой дүбірлеткен даңқымен,

Алтай менен Атыраудың арасын.



Қайда қазір қайран намыс қайнаған?
Қайда ерлер ел намысын ойлаған?!

Мына заман қайда әкетіп барады?

Қауіп-қатер, қулық-сұмдық айналаң...


Қазағым-ай, қайда кеткен айбының?

Сыртқа кетіп бара жатыр байлығың.

Ертең қазақ көрмесіне кім кепіл?

Әлем түгел көріп жатқан қайғыны.



Айналаң жау – ашылған кең араны,
Бір сұрақ бар мазалайтын сананы,

Ақшаға адам арын сатқан заманда,

Қайтсе қазақ, қазақ болып қалады?!



Пікірлер (5)

Ришат

Өте өзекті журектегі әр қазагым айтқысы келгенді жазган екен жарайсың Мадияр биіктерден көріне бер алга баса бер

Баян

Керемет! Қазақ деп соққан жүректер, қазақ деп мәңгі шырылдар. Мадияр қаламың жүйірік болсын, өсіп өркендей бер!

Сабина

керемет????????

Исатай

Еңбек жолында өнерің кең жайылсын бауырым. Керемет екен????????

Инабат

талабың таудай болсын, осы қалпыңнан тайма

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз