Бұл бетте «Ғасырда бір рет» атты Ахмет Кендірбекұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Әндерінен әдемі нұр тамады,
Сұлулықтан сыбызғы сыр табады.
Мұратханның қашанда мұраты асқақ,
Туған жері, махаббат шырқағаны.
Бәрі әнінде – жастардың жанар күні,
Батырлардың ерлігі, адамдығы.
Ғашықтардың бір-бірін өбіскені,
Жүрек сыры, сезімі, адалдығы.
«Үш арыстай» баурады сиқырлы әні,
Мұқағалидан мұңды бір сыр тыңдады.
Ұйықтап жатқан жүректі оятумен,
Сусындатып келеді жұртын әлі.
Таза өзендер әр кезде бұлақ таңдар,
Өнер – бұлақ, бұғау сап жылатпаңдар.
Әніменен әлемді әлдилейтін,
Ғасырда бір туады Мұратхандар!
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі