Өлең, жыр, ақындар

Қапшағайдың аруы

  • admin
  • 01.09.2024
  • 0
  • 0
  • 522
Ақ жүзі аясындай аппақ Айдың,
Аруы ғажап екен Қапшағайдың.
Тұлғасын ақ ботадай бұлғақтаған,
Есімнен қайда жүрсем тастамаймын.
Паң, кербез маралындай Марқакөлдің,
Лебі самалындай алқа белдің.
Нәзік жан мін бітпеген мінезіне,
Болардай сүйген жары дарқан ердің.

Қайырмасы:
Қапшағайдың аруы,
Жан жүректің, зәруі.
Бір көргенде қара көзді табылар,
Махаббаттың маза бермес дәруі.

Жарқ етіп қарсы келсе именбейді,
Күлкісі адам түгіл гүлді емдейді.
Көрген жан әу, дем сәтте есі кетіп,
Тік қарап тілдесуге үлгермейді.
Сол ма деп жұлдыз көрсем жалт қараймын,
Қалайша тез әндете бастамаймын.
Қызықпас Ақ Жайықтың қыздарына,
Арманы жоқ екен ғой Қапшағайдың.

Қайырмасы



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сексеннің сергек тілегі

  • 0
  • 0

Сексеннің сергек тілегі
Япырмай, сергектік пе, еркектік пе,
Ойлантпай кеткен жастық келместікке.
Кәкімбек Салықов

Толық

Текестегі ат ізі

  • 0
  • 0

Текестегі ат ізі
Қаракерей Қабанбай мінген «Қубасты»,
Көргендер талай таңырқап қарап шуласты.
Кәкімбек Салықов

Толық

Ақан сері

  • 0
  • 0

Ақан сері - Кәкімбек Салықов
Ұқсаған тұлпарға да, сұңқарға да,
Болғаны қандай жақсы атаң дана.
«Бір сырлы, сегіз қырлы» бар қазақта,

Толық