Жезқазған – ғашықтар қаласы – Кәкімбек Салықов

Бұл бетте «Жезқазған – ғашықтар қаласы» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Ақ жаңбыр жарысып сәулемен,
Ән болды әр сөзім әу – деген.
Ақ жүзің астасты жан еркем,
Кеншілер қарсы алған таңменен.
Самал жел Ұлытау саясы,
Жезқазған – ғашықтар қаласы.
Сәулесі жайнатқан өңімді,
Жұлдыздар жолыма төгілді.
Жасымнан құмар құс – ұлар құс,
Жанарың жарқ еткен көрінді.
Жалғасқан қос жүрек арасы,
Жезқазған – ғашықтар қаласы.
Қара көз мөлт еткен жанулар,
Мезетке болдым ғой зәру-зар.
Аққулар қалқып жүр Қоскөлде,
Достарым, бір көріп қалыңдар.
Жазылар жас жүрек жарасы,
Жезқазған – ғашықтар қаласы.
Жан, зекет, шын тату көрмесең,
Өмірге әуре боп келмес ем.
Сені іздеп жүрмін ғой «Жез киік»,
Алдымнан бір өтші сенбесең.
Қимастай адамның санасы,
Жезқазған – ғашықтар қаласы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жезқазған – ғашықтар қаласы өлеңінің авторы кім?

Кәкімбек Салықов — осы өлеңнің авторы.

Жезқазған – ғашықтар қаласы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жезқазған – ғашықтар қаласы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кәкімбек Салықов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жезқазған – ғашықтар қаласы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері