Көбейсін сәбилер – Кәкімбек Салықов

Бұл бетте «Көбейсін сәбилер» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Шаттандық тіршілік түрленіп,
Дүниеге «шыр» – еткен үн келіп.
Әулеттің жалғасы жар салды,
Жасалсын бесік-той шілделік, шілделік.

Қайырмасы:
Толқысын әр үйде
Әлдилі ән күйлер.
«Іңгәлап» жыр төгіп келіңдер
Тезірек тәй-тәйлап желіңдер
Тіршілік шырағы сәбилер.

Әуелеп «әлди»-ге толған ән,
Қазаққа жебеуші бол ғалам.
Сәбилер көбейсін, көбейсін,
Нығайсын төрге құт орнаған, орнаған.

Қайырмасы

Үлестен қалмаңдар тиесі,
Аруақтар қолдасын киесі.
Сәбилер, сендерсің, сендерсің,
Туған жер, туған ел иесі, иесі.

Қайырмасы


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көбейсін сәбилер өлеңінің авторы кім?

Кәкімбек Салықов — осы өлеңнің авторы.

Көбейсін сәбилер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көбейсін сәбилер өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кәкімбек Салықов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көбейсін сәбилер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері