Жайнай бер, алтын Астана! – Кәкімбек Салықов

Бұл бетте «Жайнай бер, алтын Астана!» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

«Ақорда» аясында дастан-аңыз,
Әр таңын тәуелсіздік қарсы аламыз.
Аққудай алтын астау ұя салған,
Есілге көрік берді Астанамыз.

Қайырмасы:
Елорда біздің жаңарды,
Дербес ел өсті бағасы.
Салғандай жаңа қамалды,
Құлпырды Есіл жағасы.
Қарқыны қызу қайнады,
Қарыштап өсті Астана.
Ертегідей жайнады,
Көгілдір тулы бас қала.
Қазақтың құтты төрінде,
Әлемге әйгі жас қалам.
Заулаған заман өрінде
Жайнай бер алтын Астанам!

Жас қала Бас қала боп дараланды,
Төріндей Еуразия бағаланды.
Жетісу сексен көлмен қосылғандай,
Ажары туған елдің жаңаланды.

Қайырмасы

Ел қолдап ерлік туы бастаманы,
Жарқ етті ұлтымыздың бас қамалы.
Арнаймыз шексіз алғыс Елбасына,
Орнатқан әлемге әйгі Астананы.

Қайырмасы


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері