Ай, сәулем – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Ай, сәулем» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Күлкіңнен маржан тамшылағандай,
Көзіңе қайтіп жан шыдағандай.
Оятып ойды ұйқыда жатқан,
Бір өткір сезім қамшылағандай.

Қайырмасы:
Ай, сәулем!
Тілекті берші сұратпай ғана,
Кетейін еріп сынаптай ғана.

Төгілген шашың қара көмірдей,
Қиылған қасың ғажап өмірдей.
Кіршіксіз әлем қайда бар екен
Сендегі сәби таза көңілдей.

Қайырмасы

Тектілік сенде хан қызындағы,
Тәттілік сенде бал қымыздағы.
Нәп-нәзік гүлдей жаныңның сәулем,
Шалмасын суық желдің ызғары.

Қайырмасы


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ай, сәулем өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Ай, сәулем өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ай, сәулем өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Несіпбек Айтұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ай, сәулем өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері