Ғұмырды судай сапырған – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Ғұмырды судай сапырған» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 24.09.2021
  • 0
  • 0
  • 783
Ғұмырды судай сапырған,
Саудагер-сайқал бұл жалған.
Талайлар басын қатырған,
Тағдырға кез боп тұлданған.
Қайғысыз, қамсыз – ақымақ,
Болмайды онда мүлде арман.
Запыран жұтып ақылдан,
Ойлының жаны уланған.
Таусылған шақта шарасы,
Түнеріп жүрек тұншығар.
Жазылмас дерттің жарасы,
Ұлғайған сайын ушығар.
Ушығар-дағы тыншығар,
Сөнгенде ақыл-санасы.
Кеш батар, қайта күн шығар,
Құлшынар адам баласы...

1980


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ғұмырды судай сапырған өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Ғұмырды судай сапырған өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ғұмырды судай сапырған өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Несіпбек Айтұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ғұмырды судай сапырған өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері