Бүктетіліп атыларсың – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Бүктетіліп атыларсың» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.10.2021
  • 0
  • 0
  • 662
Адасқанның көрген күні күн емес,
Қаңғырған жан қайда барып түнемес?
Қайыршының күркесінің шамындай,
Жер түбінен жылтырайды бір елес.
Қайыры жоқ қу тірліктің сәулесін
Қуа берсең, құр бекерге әуресің.
Басың еркін болсын десең, бауырым,
Биік ұста намысыңның кеудесін.
Бұға берсең зұлымнан да, зордан да,
Құтылмайсың азаптан да, сордан да.
Бүктетіліп атыларсың бір күні,
Кеудеңе кек, көзіңе қан толғанда.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бүктетіліп атыларсың өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Бүктетіліп атыларсың өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бүктетіліп атыларсың өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Несіпбек Айтұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бүктетіліп атыларсың өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері