Тағы да темекімді түтіндеттім – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Тағы да темекімді түтіндеттім» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.05.2021
  • 0
  • 0
  • 717
Тағы да темекімді түтіндеттім...
ойладым неге бола күпінбекпін.
Қойыппын осыншалық не тындыра,
тірліктің қай кетігін бүтіндеппін?
Айтар ем арыз-мұңның көптігін де,
апыр-ау, жақсылығым өтті кімге?
Бұлдарым —
кір жуытпай ар атына,
тиетін ара-тұра септігім бе?
Шалынып құлағыма қиырдағы үн,
шаршадым,
шартарапты шиырладым.
Жүгірмей бақытқа да,
тақытқа да,
жүрсем де татып қана бұйырғанын,
Біле алмай не боларын ендігі өмір,
жұлынған жапырақтай семді көңіл.
Көретін неде болса өз бағымнан
бұ тірлік билігімді берді ме бір!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тағы да темекімді түтіндеттім өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Тағы да темекімді түтіндеттім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тағы да темекімді түтіндеттім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тағы да темекімді түтіндеттім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері