Сен түгіл – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Сен түгіл» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.05.2021
  • 0
  • 0
  • 785
— Сен түгіл,
ал ар еді көкми ұғып,
қалайша түсінбейсің!— деп түйіліп.
Апыр-ай, ауыр-ауыр сөздер айттың,
арыма тие жаздап...
көп күйініп.
— Қайтеді қара аспанды төндірмесең,
алдыңда тұр суымай, мөлдір кесең,
Келіскен болар едім, уәжіңе
Мен ішкен удан татып көрдің бе сен?
Жігіттің жақпаса да бейпілдері,
осындай оңашада кей түндері,
жаныма жақындау ма деп қаламын,
"Жырыңды түсінбеймін",- дейтіндері.
Арманнан артық балап алдағы асын,
жүретін біреулерге таң қаласың,
тірлікте түрткі барын білген емес,
көзіне ілген емес жан баласын.
Қашан да қайрап ұстап қаруларын,
өмірде сезген емес налу барын,
Биікке жетпедім деп шаршамаған,
пейіштің аңсамаған аруларын.
Шетінен мыстаның де,
дұшпаның де,
болмай-ақ қойсын бізге нұсқа мүлде,
сендерден адалырақ керінеді
құбылған қырық рет қысқа күнде.
Білмейді өп-өтірік елге ұрсуды,
білмейді квпе-көрнеу көлгірсуді,
бөлінбей миы мыңға,
бұйымын да,
бұлақтан кереді артық мөлдір суды.
Солардың жібітпекке мұз көңілін,
күні-түні үгіттеп те түздегі үнін,
ап-ащы күлкімізге зар ұласып,
келеміз арып-ашып біз де бүгін!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сен түгіл өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Сен түгіл өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сен түгіл өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сен түгіл өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері