Бір жыл туған төл едің – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Бір жыл туған төл едің» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.05.2021
  • 0
  • 0
  • 653
Шықпасаң да сапарға аш,
тимеді ме көмегім?—
Келе жатқан қатарлас,
бір жыл туған төл едің.
Қылығыңды қым-қиғаш,
қиқарлыққа телідім,—
маскүнемдей ылғи мас,
басылмады желігің.
Жақсы болып тек қана
жаралғандай бір өзің,
Көретін ең көпті ала,
жақпады сол мінезің.
Кәрісі ме, жасы ма,—
тізіп мұрын
мұртынан,
Ит терісін басына
қаптайтын ең сыртыңан.
Көзі жоқта кісіні
сыбайтын ең сықпыртып.
үлкен аға, кіші іні,
шеттерінен шықты үркіп.
Кетті ішінде —
нұр көңіл —
балдызың ба,
бөлең бе,
Қол қусырып,
күнде бір
қонақ еткен төрең де.
Тәсілің бе,
налаң ба,
кәсібің бе — жұрт сынау,—
қаншама бір маған да
дегізбедің: "Қыртсың-ау!"
Көшесі де,
кесегі —
кеткендей-ақ бәрі алдап:
жолдасыңды кешегі
жүрдің маған жамандап.
Қайдан ғана жолықтым?
Баспасам да дауға аяқ,
Кетер ме деп қорықтым,
сөгер ме деп жаудай-ақ.
Төбелеспей, таласпай,
тату-тәтті жүрсек те,
дәм-тұзымыз жараспай,
қала бердім бір шетте.
Шықпасаң да сапарға аш,
тиген сәл-пәл көмегім,
Келе жатқан қатарлас,
бір жыл туған төл едің.
Кім біледі, егіле,
бір "досыңды" тағы алдап,
осы қазір мені де
отырмысың жамандап?!.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бір жыл туған төл едің өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Бір жыл туған төл едің өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бір жыл туған төл едің өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бір жыл туған төл едің өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері