Бұл өмірде бар-жоғыіды білместен – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Бұл өмірде бар-жоғыіды білместен» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.05.2021
  • 0
  • 0
  • 850
Бұл өмірде бар-жоғыіды білместен,
күндерім-ай, қызыл-жасыл гүл кешкен,
шекесінен шертіп қойып шіріктің,
арулармен ат үстінде тілдескен.
Қойыныңнан құтылмастай нұр мынау,
таңды таңға ұластырып жүрдік-ау,
Алқымынан алдық қанша тағдырдың,
тақымына салдық қанша қылбұрау!
Әні кетті, сәні кетті, бәрі өтті,—
Тағдыр енді салды өзіме әлекті.
Әл бермеді, әлде мені тұқыртқан
қайтсем екен бұл атаңа нәлетті!
Өзі де бір өңмендеген өлермен,
қарақұстай қалмай ұшып төбеңнен,
жегенің де желім болып кейде бір,
күте қояр көмегің де жоқ елден.
Құшағымнан қуып шыққан бар нұрды,
қайтсем екен бұл қарабет тағдырды,
дарындас та дарынсызға ілесіп,
қарындас та көңілімді қалдырды.
Алауыз ғып айналаны, алқапты,
ара түсер ағайынды ант атты,
Кешер едім — қылығы өтіп барады,
оққа кеуде төсер едім — жан тәтті!
Ұшып кетті қолдан қарға —
кімге айтам,—
ой қағатын орманнан да құр қайтам.
Бір бастырмай қойды ілгері, амал не,
көптен бері мойнын бері бұрмай таң.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бұл өмірде бар-жоғыіды білместен өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Бұл өмірде бар-жоғыіды білместен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бұл өмірде бар-жоғыіды білместен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бұл өмірде бар-жоғыіды білместен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері