Жалған ғой, бәрі жалған, нағыз жалған

Бұл бетте «Жалған ғой, бәрі жалған, нағыз жалған» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.01.2022
  • 0
  • 0
  • 823
Жалған ғой, бәрі жалған, нағыз жалған,
Ағысты арна іздедім аңыздардан.
Шырылдап шегірткелер шілде түссе,
Талықсып таң келеді тамыздардан.
Құлпырып мың бояуға тұнып тұр ма,
Құбылып құбыла тұр қырық нұрға.
Күн қалды шуақтары шашыраумен,
Ай қалды ақ сәулесі сынып қырда.
Кеш қалды сүрінумен көлеңкеде,
Өксіді өгеймін деп өлең-төбе.
Шынайы әлденені іздеп жүрмін,
Ертегі іздеуші едім мен ертеде.
Жыл қалды, күндер қалды, апта қалды,
Айта алмай аһ ұрумен аппақ әнді.
Бұрын да мына жалған шұбырынды,
Қазір де алқа көлді, ақ табанды.
Мән басқа, мазмұн басқа, тақырып бір,
Алты қыр арлан күнін шақырып тұр.
Бағана самал нұрын жаққан кезде,
Көк аспан көкшіл бояу сапырып тұр.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жалған ғой, бәрі жалған, нағыз жалған өлеңінің авторы кім?

Шәмшия Жұбатова — осы өлеңнің авторы.

Жалған ғой, бәрі жалған, нағыз жалған өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жалған ғой, бәрі жалған, нағыз жалған өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шәмшия Жұбатова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жалған ғой, бәрі жалған, нағыз жалған өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері