Замана – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Замана» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 694
Ақындардың аузында
Қай ғасырда да Замана.
Тілге орала бере ме ол
Болмаса онда айтарлық
Мадақ не мансұқ мағына.
Көңілінен көптің шықса ол
Талқыға бекер сала ма!
Биліктілерің бүйірлеп,
Бекер деп жала жаба ма!
Өз жақсысын жамандап,
Ел барқадар таба ма!
Ақын неге күңіренсін
Елге жәйлі, шуақты
Болып тұрса замана!
Шортанбай, Асан, Дулаттар
Бұқар менен Махамбет,
Ұлы Абай жаңаға
Шақырып, өзі алған бет!
Замана жәйлі не деді
Салып көр жұртым, санаңа!
Заманды қолдан жасайды
Ел бастаған даналар.
Қарапайым қалың ел
Соңынан ерер паналар.
Сонда ел жәйін ойлаған
Тағдырына терең бойлаған
Алып шығар тұйықтан
Даналардың ішінде
Суырылып шығар дара бар.
Ел басқарған қазақтың
Данасын түгесе алмаспын.
Санап айтып бітем бе
Өткірлерін жүзіндей
Қайраулы асыл алмастың!
Естігенім, көргенім,
Бүгін де әнім Замана.
Ой жіберіп өткенге
Ертеңді, жұртым, сарала!
Бағдарламаңды парықта,
Ұялатып санаға.
Жұдырық болып жұмылып,
Бірлеспей еңбек жана ма!
Еңіреп елім дегенді
Етектен тартпа, бағала!
Ұранын ұғып, ұйысып,
Шық жарқын байтақ жағаға!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Замана өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Замана өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Замана өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Замана өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері