Абайша
Бұл бетте «Абайша» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Мəз болады қазекең
Арқаға орыс қаққанға.
Шікірейген шегір көз
Шен-шекпенін жапқанға.
Қарауылға қалқайған
Қаңылтырын таққанға.
Іздегенге сұраған
Бірін-бірі тапқанға!
«Қаңғып келген шүрегей...»
Қас-қабағын баққанға.
Шала байға Шалапай
Шаң жұқтырмай жаққанға.
Майдай еріп мақтанға,
Малынғанға мақпалға.
Таң атқанша таусылмай,
Тау суындай аққанға!
...Өткен-кеткен хал сұрап,
Түсіп қалып қақпанға,
Қасқырдайын қансырап,
Өлімші боп жатқанға!..
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі