Ару
Бұл бетте «Ару» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бұрала басып ырғал да,
Бұрымға байла еркімді.
Қозғала алмай тұрғанда,
Қоздырып кетші дертімді!
Күн нұры сырғып сырғаңда,
Көлденең тартшы көркіңді?!
Көзінді ашып-жұмғанда –
Көңілде кəусар көл тұнды.
Тоқ бұрым мықынды ұрғанда,
Толықсып тəнің серпілді.
Жүзіңді бері бұрғанда,
Жұмақтан жұпар жел тұрды.
Нəп-нəзік белің қылдан да
Нəпсімнің құртын өлтірді.
Сезімім сейіл құрғанда,
Желігім құстай желпінді!
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі