Сағыныш

Бұл бетте «Сағыныш» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.10.2021
  • 0
  • 0
  • 1323
Жеткізбей алыс қалған тау етегі,
Бұл күнде сағыныштың зары өтеді.
Секілді жаздың бұлты жайлаудағы,
Ойласам көздің жасы сау етеді.
Жабырқап жаным неге егілмесін,
Ауылым, түсімдесің, өңімдесің.
Қайтейін, тоқтататын дәрменім жоқ,
Бұлдырап белден асқан өмір көшін.
Қарашы жүрегімнің ауырғанын,
Қаға алмай қанатымды ауырладым.
Дүр етіп ұшып кеткен бір топ құстай,
Қай жаққа ғайып болдың, бауырларым?..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сағыныш өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Сағыныш өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сағыныш өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Несіпбек Айтұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сағыныш өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері