Мұқан сазгер – Жеңіс Қашқынов

Бұл бетте «Мұқан сазгер» атты Жеңіс Қашқынов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Қайта түлеп қазақтың халқы тағы,
Мұхиттан да асырды даңқын әрі.
Тәуелсіздік аспанын күмбірлетіп,
Күйсандығың сазды әуен шалқытады.

Қайырмасы:
Қос жанарда нұр ойнап,
Оралғандай жаз керім.
Күйсандықта күй ойнап,
Отырғандай сазгерім.

Дарын туса, дарынның мақтан ісі,
Жақтасады әділ мен аққа кісі.
Бөрлітөбе жерінен қанат қақсаң,
Егемен ел өзіңсің мақтанышы.

Қайырмасы

Ұланы едің, қазақтай алғыр ұлттың,
Шырағы едің, табиғат мәңгіліктің.
«Біржан-Сара» даңқыңды биіктетіп,
Әнұран боп қайтадан жаңғырықтың.

Қайырмасы


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мұқан сазгер өлеңінің авторы кім?

Жеңіс Қашқынов — осы өлеңнің авторы.

Мұқан сазгер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мұқан сазгер өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жеңіс Қашқынов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мұқан сазгер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері