Алаштың асыл ұлдары – Болат Үсенбеков

Бұл бетте «Алаштың асыл ұлдары» атты Болат Үсенбеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Көміліп шаңға шаттығың,
Тірліктің татып ащы уын.
Шырқай да алмай «Гәккуін».
Арманда кеткен аққуым.

Қайырмасы:
Алаштың басын құраған,
– Елім, – деп өксіп жылаған.
Міржақып, Мағжан, Ахмет,
Әлихан атты ғұламам.

Ағалар қайран ардағым,
Шайнаумен өткен бармағын.
Қайыспас қара нарларым,
Қолдасын бізді аруағың.

Әрқайсысың жеке шыңсыңдар,
Қапыда кеткен қыршындар.
Аялап өтер арысын,
Артыңда қалың жұртың бар.

Қайырмасы

Алатау сынды тұлғалы,
Алаштың асыл ұлдары.
Шіріп те түсті мойныңнан,
Бодандық, бұғау шырмауы.

Қайырмасы


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар