Бұлт жылауық, Ай менмен, күлегеш Күн – Сағыныш Намазшамова

Бұл бетте «Бұлт жылауық, Ай менмен, күлегеш Күн» атты Сағыныш Намазшамова жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Бұлт жылауық, Ай менмен, күлегеш Күн,
Жел жүгірді соңынан бір елестің.
Қасиетінен қара Жер айнымасын,
Одан өзге бақытты тілемеспін.
Қарсы алдымнан бір есік жабылғасын,
Төрт бұрыштың ұрамын қабырғасын.
Дөңгеленген дүниемен бірге айналдым,
Тар қалыпқа басымды сан ұрғасын.
Маған місе болмады шеңбер деген,
Жанымдағы дертімді емдер деп ем.
Білем, мендей сыя алмай жүрсіңдер ғой
Неге жасырасыңдар сендер менен?
«Рас» дейтін жан бар ма, Тәңір-ау, бір?
(Қан базардай қайнаған өмір-ау бұл).
Көп аңсаған кеңістік, саған барар
Мен түбінде табармын саңылау бір.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бұлт жылауық, Ай менмен, күлегеш Күн өлеңінің авторы кім?

Сағыныш Намазшамова — осы өлеңнің авторы.

Бұлт жылауық, Ай менмен, күлегеш Күн өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бұлт жылауық, Ай менмен, күлегеш Күн өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Бұлт жылауық, Ай менмен, күлегеш Күн өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері