Көзсіз көбелек тірлік – Сағыныш Намазшамова

Бұл бетте «Көзсіз көбелек тірлік» атты Сағыныш Намазшамова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Жынды көбелекпін бе?
Мұңды керек еттім бе?
Оттың ойраны барда
Мыңды елемекпін бе?
Жалғыз жарығым менің
Сәулең қарып іргені.
Таңар тәлімім нені,
Маған бәрібір ме еді?!
Санам салмақтап бәрін
Саған жарды аттатпадым.
Өзіме өжетім жетпей,
Тағы да қалбақтатқаның.
Басыма қара түнді үйіп,
Қалса қанатым күйіп,
Зорға шыдап та тұрам
Морда тағатымды иіп.
Сөзсіз керемет құрлық,
Көзсіз көбелек тірлік.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көзсіз көбелек тірлік өлеңінің авторы кім?

Сағыныш Намазшамова — осы өлеңнің авторы.

Көзсіз көбелек тірлік өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көзсіз көбелек тірлік өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сағыныш Намазшамова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көзсіз көбелек тірлік өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері