Заман мәнін, адам жанын аз біліп

Бұл бетте «Заман мәнін, адам жанын аз біліп» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.04.2019
  • 0
  • 0
  • 4412
Заман мәнін, адам жанын аз біліп,
Ішкен тамақ, киген киім мәз қылып,
Шыныменен өтеді ме бұл ғұмыр?!
Алдап-арбап лауазым мен шен-шекпен,
Бөлінбейтін бүтініңді бөлшектеп,
Шыныменен өтеді ме бұл ғұмыр?!
Салқынды ыстық, ыстығыңды салқын деп,
Темірді мыс, мыс пен жезді алтын деп,
Шыныменен өтеді ме бұл ғұмыр?!
Бейшара боп қарауында масылдың,
Бағасына өткізе алмай асылды,
Шыныменен өтеді ме бұл ғұмыр?!
Сені сынап, сен оларды сынамай,
Жұртқа ұнап қартқа бірақ ұнамай,
Шыныменен өтеді ме бұл ғұмыр?!
Біреулердің банкетінде отырып,
Өтірікке сенген болып өтірік,
Шыныменен өтеді ме бұл ғұмыр?!
Саулықтың да болмай әбден мәнісі,
Мынау сасық тұмауменен алысып,
Шыныменен өтеді ме бұл ғұмыр?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Заман мәнін, адам жанын аз біліп өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Заман мәнін, адам жанын аз біліп өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Заман мәнін, адам жанын аз біліп өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Заман мәнін, адам жанын аз біліп өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері