Көз алдымда біреу шөгіп барады – Сағыныш Намазшамова

Бұл бетте «Көз алдымда біреу шөгіп барады» атты Сағыныш Намазшамова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Көз алдымда біреу шөгіп барады,
Көз алдымда біреу сөніп барады.
Көз алдымда біреу кеуіп барады,
Көз алдымда арды теуіп барады.
Көз алдымда біреу күліп барады,
Көз алдымда біреу үріп барады.
Көз алдымда біреу жылап барады,
Қолын жайып қауқар сұрап барады.
Көз алдымда біреу налып барады,
Көз алдымда жұлдыз ағып барады.
Көз алдымда мақтан қуып барады,
Тарландарын тақтан қуып барады.
Бар бақытын құшаққа алып барады.
Көз алдымда ұсақталып барады,
Көз алдымда тұзақ салып барады,
Жүйріктерді тұсап, шалып барады.
Көз алдымда көкірегін соғады,
Біреу – төмен, екіншісі – жоғары.
Көз алдымда біреу бөсіп барады,
Көз алдымда дүние көшіп барады.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көз алдымда біреу шөгіп барады өлеңінің авторы кім?

Сағыныш Намазшамова — осы өлеңнің авторы.

Көз алдымда біреу шөгіп барады өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көз алдымда біреу шөгіп барады өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сағыныш Намазшамова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көз алдымда біреу шөгіп барады өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері