Ай сәулесі – Сағыныш Намазшамова

Бұл бетте «Ай сәулесі» атты Сағыныш Намазшамова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Ай бетінде бедерленген бір сұлба,
Балаларды ойландырмай тұрсын ба?!
«Мама, анау Ай ішінде жүрген қыз
Кетіп бара жатқандай ғой шын суға?»
Сәби сана ұшқыр қиял-байламы,
Қызым сауал қойды маған жайдары.
Шыныменен шелегі бар қолында,
Не қылған жан жүрген сонау Айдағы?
Бұрымды қыз жерден неге жеріді?
Әлде сатып кетті сүйген серігі.
Жерден жырақ жүрген ару сыр айтты,
Сезіп тұрмын, естілмейді тек үні.
Түнде ғана көрінетін ұрыдай
Айға қарап қызықпашы, қызым-ай,
Қыз туралы... Сіз туралы ойлантқан,
Айдан түскен сол сәуленің сынығы-ай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ай сәулесі өлеңінің авторы кім?

Сағыныш Намазшамова — осы өлеңнің авторы.

Ай сәулесі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ай сәулесі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сағыныш Намазшамова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ай сәулесі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері