Түн тербеген тылсым өңін – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Түн тербеген тылсым өңін» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.07.2021
  • 0
  • 0
  • 687
Түн тербеген тылсым өңін
Жас қайыңның бүршігі едім.
Күн шыққанда күлім қағып,
Күз келгенде күрсінемін.
Кім біліпті ақпан жайын,
Ақ боранға тап болмайын.
Жаумай жатып еріп кетер
Жаным мақпал ақ қардайын.
Түсіме еніп қаралы емен..,
Ішіме еніп барады əлем.
Сен қартайсаң қартая бер,
Мен жас болып қала берем!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Түн тербеген тылсым өңін өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Түн тербеген тылсым өңін өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Түн тербеген тылсым өңін өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Түн тербеген тылсым өңін өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері