Жылжып барады жылдарым жылдам өтіп – Сағыныш Намазшамова

Бұл бетте «Жылжып барады жылдарым жылдам өтіп» атты Сағыныш Намазшамова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Жылжып барады жылдарым жылдам өтіп,
Жанарыңнан жүргенде жыр дәметіп.
Жүрегімде жақұт бар, көре алмайсың,
Жіберер ем жолыңда құрбан етіп.
Сусып барады айларым сырғанақтап,
(Өткенімді шықсам-ау бір парақтап).
Сағыныштың салмағын сезбей жүрсің,
Құшағыңа жетер ем қырдан аттап.
Көшіп барады күндерім, қайрылмастан,
Қайрылмайды, асса да қайғың бастан.
Жан алып жан берісер сен емессің,
Болар едім сертімнен айнымас жан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жылжып барады жылдарым жылдам өтіп өлеңінің авторы кім?

Сағыныш Намазшамова — осы өлеңнің авторы.

Жылжып барады жылдарым жылдам өтіп өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жылжып барады жылдарым жылдам өтіп өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сағыныш Намазшамова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жылжып барады жылдарым жылдам өтіп өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері