Алдыңызда жаңа кітап – күнтізбе – Сағыныш Намазшамова

Бұл бетте «Алдыңызда жаңа кітап – күнтізбе» атты Сағыныш Намазшамова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Алдыңызда жаңа кітап – күнтізбе,
Күрсінбестен жыртып тастап жүрсіз бе?!
Құмсағатты бітейсіз бе белінен,
Қарындас боп сырымды айтсам бір Сізге?
Күлкі көрдім Сізден ғана риясыз,
Күле түскін, неге езуді жиясыз?
Кеңдігіңіз көшірмесі даланың,
Қанағаттың қауызына сыясыз.
Сабырдың да Сізден көрдім салмағын,
Аға тұтпай жүретұғын бар ма күн?!
Биіксің деп бұлданбаса біреулер,
Бар ма басқа тағатұғын тауға мін?!
Айнымайтын біртоғалық қалыптан,
Тазалықтың табиғатын танытқан,
Көлеңкені ысыруға, сірә да
Сіздің жүрек жаралған-ау жарықтан?!
Алдыңызда жаңа кітап – күнтізбе,
Күрсінбестен жыртып тастап жүрсіз бе?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алдыңызда жаңа кітап – күнтізбе өлеңінің авторы кім?

Сағыныш Намазшамова — осы өлеңнің авторы.

Алдыңызда жаңа кітап – күнтізбе өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алдыңызда жаңа кітап – күнтізбе өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сағыныш Намазшамова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алдыңызда жаңа кітап – күнтізбе өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері