Ұшты зымыран аспанға

Бұл бетте «Ұшты зымыран аспанға» атты Бүркіт Ысқақов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Көшемізде көп бала
Жиналады топтала.
Соқпайды олар аққала,
Жүгірмейді доп қаға.

Ойнамайды «соғысты»,
Ұнатпайды бұл істі.
Баяғыдай асықты
Атудан да қашыпты.

Енді олардың өнері –
Зымыранның моделі.
Бірі қазып үңгірді,
Орнатар мықты тұғырды.

Қояды оған төндіріп,
Зымыранын қондырып.
Енді бірі газ беріп,
Басқасы қарар мәз болып.

Шүріппені бірі басқанда,
Ұшты зымыран аспанға…
…Ғарышты құшар кез келіп,
Ойын да кетті өзгеріп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұшты зымыран аспанға өлеңінің авторы кім?

Бүркіт Ысқақов — осы өлеңнің авторы.

Ұшты зымыран аспанға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ұшты зымыран аспанға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Бүркіт Ысқақов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ұшты зымыран аспанға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері